Израил сарбаздарының жартысы есірткі қолданады
Израил сарбаздарының жартысы есірткі қолданады
6 жыл бұрын 2790 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өткен жылы Израилдің қарулы күштерінде жүрген сарбаздардың жартысы есірткі қолданғаны мәлім болды. Нақтырақ айтқанда, сионистік әскерилер каннабис (марихуана) шеккен. Израилдің сарбаздардың дені жаулап алынған Палестина аумағында есірткі қолданғаны белгілі болып жатыр. Бұл жайында жуырда жарияланған Израилдің есірткімен күрес жөніндегі басқарма (IADA) баяндамасында айтылған. Израил қарулы күштерінің басшылары 2017 жылдың қаңтар айынан бастап, каннабисті сарбаздарға шегуге рұқсат берген. Күнінен бес мәртеден асырмай, жұмыс уақытынан тыс кезде. Аталмыш баяндамада келтірілген дерекке қарағанда, израилдік сарбаздардың 54,3 пайызы есірткі қолданатынын жасырмаған. Ал еврейлердің "Едиот ахронот" мерзімді басылымының мәліметінше, каннабисті сарбаздар, тіпті, жұмыс уақытында да, яғни, кезекшілікте тұрғында, т.б. сондай-ақ, қарулы күштер басшылығы бекіткен ережені елемей, мөлшерден асырып, яғни, бес мәртеден артық шегуге көшкен. Ол ол ма, қатардағы сарбаздар тұрмақ, командирлер де бұл әдетке бой алдырған. Сонымен қатар, есірткіні әріптестеріне саудалайтын сарбаздар да шыға бастағана араларында. Қосымша табыс көзіне айналдырып алған. 

0 пікір
Мұрағат