Израил мен араб елі соғыс қатерінің алдында тұр
Израил мен араб елі соғыс қатерінің алдында тұр
2 жыл бұрын 1321 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Израилдің премер-министрі Йиаир Лапид Жерорта теңізіндегі Ливанмен арадағы даулы аймақта газ өндіруді бастайтынын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы TRT World ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ол бұл мәлімдемесін АҚШ-тың араағайындығымен Ливанмен аумақтың мәртебесі туралы жүріп жатқан келіссөздер аясында жасады. Израил басшысының айтуынша, Қарыш ​​кен орнындағы газ өндірудің бұл келіссөздерге еш қатысы жоқ, сол себепті, газ өндіруді Ливанның келісімінсіз бастай беретінін жасырмады. Осы жылдың маусым айында Израил кен орнындағы өндірістік алаңның құрылысын аяқтады. Израил тарапының мәлімдемесіне жауап ретінде Ливан Хезболласының жетекшісі «Ливанның байлығын ұрлауға тырысатын кез келген қолды кесетінін» ескертті. Алайда, екі елдің үкіметтері арасында аумақтың мәртебесі туралы келісімге қол жеткізілсе, «Хезболла» бұл шешімді қабылдауға дайын екенін жеткізді. Ливан мен Израил 1948 жылдан бері ресми түрде соғыс жағдайында тұр. Екі мемлекет те Жерорта теңізі суларының 860 шаршы шақырым даулы аймағына иелік етуге талпынып келеді. Әзірге келіссіөздер арқылы. Алайда, бұл келіссіөздер түпкілікті нәтижеге жеткізген емес. Қазіргі уақытта бұл даулы аумаққа иелік ету Ливан үшін өте маңызды. Бұл елге көмірсутектерді өндіруді бастауға мүмкіндік беріп, қазіргі кезде бастан кешіп отырған ауыр экономикалық дағдарысты еңсеруге көмектесер еді. Жеорорта теңізіндегі екі елдің арасындағы даулы аймақтың мәртебесі толық шешілуі үшін ондағы кен орнын игерумен байланысты екі тараптың да мүддесі ескерілуі тиіс. Алайда, әскери әрі экономикалық әлеуеті зор әрі АҚШ-одақтасына арқа сүйеген Израил Ливанның талабын қанағаттандырмайтынын осы мәлімдемесімен аңғартты.

0 пікір
Мұрағат