Israel Aerospace Industries тыңшылыққа арналған беспилотник сүңгуір қайықты жұртшылық назарына ұсынды (видео)
Israel Aerospace Industries тыңшылыққа арналған беспилотник сүңгуір қайықты жұртшылық назарына ұсынды (видео)
1 жыл бұрын 680 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бұл сүңгуір кеме арнайы қызметтің мемлекет қорғанысындағы жұмысын жеңілдетеді. Бұл жайында islam.kz порталы The Times of Israel ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мемлекетке тиесілі Israel Aerospace Industries (IAI) компаниясы құпия барлау мәліметтерін жинауға және жау тарапынан төнетін қауіптерін анықтауға арналған BlueWhale атты алғашқы автономды суасты көлігін құрастырып жатқанын хабарлады. Израил әскери-теңіз күштері үшін әзірленген және Қорғаныс министрлігі 2017 жылы таныстырған «Цезарон» автономды су асты көлігінің коммерциялық нұсқасы болып табылатын BlueWhale мыңдаған сағат су астында болып, автономды (дербес) операцияларды сәтті аяқтады. BlueWhale автономды қайығы теңіздегі және жағалаудағы нысандарды анықтау үшін радар мен электрооптикалық жүйелерді пайдаланады. Ол, сондай-ақ, барлау мәліметтерін жинауға, басқарылатын және беспилотник суасты қайықтарын анықтауға және теңіз миналарын картаға түсіруге арналған сонармен жабдықталған. Жиналған ақпарат нақты уақыт режимінде арнайы қауіпсіз спутниктік арна арқылы тағайындалған командалық орталыққа жіберіледі. Сонымен қатар, BlueWhale батарея қуатының арқасында екі-төрт апта үздіксіз жұмыс істей алады және 40 футтық тасымалдау контейнерінде оңай тасымалданады. Әскери-өнеркәсіптік кешен саласындағы инновациялық кеме теңіз аймағында жүргізілетін операциялардың тиімділігін арттыруға, жау шабуылдарын сәтті тойтару мүмкіндігін арттыруға және теңіз жолдары бойындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

0 пікір
Мұрағат