Исламның мемлекеттік мәртебесі сақталып қалды
Исламның мемлекеттік мәртебесі сақталып қалды
8 жыл бұрын 2902

Бангладеште исламның мемлекеттік дін ретіндегі мәртебесін жоюға қатысты ел конституциясына өзгеріс енгізу турасындағы осыдан 28 жыл бұрын наразылық білдірушілер тарапынан тапсырылған петиция заңсыз деп танылды. Осы іс бойынша өткен сот мәжілісінде аталмыш петицияны тапсырған ұйымдар мен Самодержавияға және коммунализмге қарсы комитет өкілдері сотта сөйлеу құқығынан айырылды. Бұл жайында сотқа төрағалық еткен қазы Реза-үл-Хақ мәлімдеді. Бұл жөнінде «Al Jazeera» ақпарат көзі хабар таратты. «Ислам мемлекеттік дін болып қалуы керек. Бұл елдегі халықтың денін мұсылмандар құрайды»,- деді діни партияның жетекшісі Низами Ислам Мәулана Рақыб. «Азшылықты құрайтындар кемсітушіліктен заң жүзінде қорғалған. Өйткені, оған конституцияда кепілдік берілген», - деді ол артынша. 1988 жылы ел президенті Хұсейн Мұхаммед Иршад халықтың қолдауына ие болуға ұмтылып, исламды мемлекеттік дін деп жариялаған еді. Петиция осы кезде ұйымдастырылған болатын. Бұл істің неге осыншалықты ұзақ қаралғаны турасында ақпарат жоқ.

0 пікір
Мұрағат