|
Бір терактіге қатысты 5500 адам қамауға алынды
|
Пәкістанда 5500 адам қамауға алынды. Мұндай ауқымды операция жуырдағы Лахор қаласындағы лаңкестік әрекеттен кейін жүргізілді. Қамалғандардың көбі Пенджаб провинциясында ұсталған. Бұған дейін Пәкістан Премьер-Министрі Наваз Шариф кінәлілердің барлығы да жауапқа тартылады деп уәде берген еді. Естеріңізге сала кетейік, лаңкестік әрекет 27-наурызда Лахор қаласында болды. Балалар ойнайтын қалалық саябақта жанкешті өз-өзін жарып, 75 адамның өмірін қиды. Марқұмдардың көбі – бала-шаға. Жараланғандардың саны 300-ден асады. Бұл шабуылды «Талибан» экстремистік қозғалысы өз мойнына алды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді