Исламнан өзге дінді таратуға тыйым салынады
Исламнан өзге дінді таратуға тыйым салынады
4 күн бұрын 379 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Малайзияда (мұсылман елі – ред.) исламнан өзге, яғни, бөгде діндерді таратуға, насихаттауға түбегейлі тыйым салынады. Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ал ел аумағында қандай да бір бөгде дін тек билік тарапынан рұқсат берілгенде ғана оқытылады. Малай парламентінде қызу талқыға түскен бұл тараптағы заң жобасына қарсы шыққандардың уәжі бойынша, мәселен, тегі қытай Фонг Куй Лун есімді депутаттың айтуынша, аталмыш тыйым қарастырылған заң жобасы федералды конституцияда бекітілген наным-сенім бостандығына қайшы келеді. Ал аталған елдің ислам істері жөніндегі министрі Ыдырыс Ахметтің мәлімдемесі бойынша бұл шектеу тек мұсылмандарға қатысты қолданылады, яғни, өзге діндегілердің мұсылмандарға өз дінін насихаттауына жол берілмейді, ал өзге діндегілер өз арасында дінін еркін таратуына тосқауыл қойылмайды. Десе де бұл заңның шикі тұстары көп екенін алға тартып отыр сарапшылар, осыған байланысты бұл құжаттың ел конституциясында қарастырылған талаптарға және шариғатқа сәйкестігі сүзгіден өтеді. Яғни, техникалық сараптама жасалады. Ислам – Малайзияның мемлекеттік діні.

0 пікір
Мұрағат