Исламды қабылдаған корей әншісі мешіт салайын деп жатыр
Исламды қабылдаған корей әншісі мешіт салайын деп жатыр
7 ай бұрын 4675 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

2019 жылы исламды қабылдаған поп жанрының белгілі әншісі Дауд Ким Оңтүстік Кореяның Иншхон қаласында мешіт құрылысын жүргізу жөніндегі жоспарымен бөлісті. Дәлірегі, ол болашақта мешіт салынатын жер телімінің фото-суретін және құжатын әлеуметтік желіде жариялаған. Құлшылық үйіне қажетті жер телімін сатып алған. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Siasat ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Ақыры сіздердің көмектеріңізбен Иншхонда мешіт салу үшін жер теліміне қатысты келісім-шартқа отырдым. Бұл жер жақын арада мешітке айналады. Мен бұл күннің келгеніне сене алар емеспін», - деп жазды ол өз жазбасында. Бұдан бөлек, Дауд ғибадат орны мен ислам туралы подкасттарды жазатын студия салуды жоспарлап отыр. Корей әншісі өзінің жазылушыларына мешіт құрылысына ақша жинауға шақырды. «Көп қиыншылықтармен бетпе-бет келерміз, десе де мен мұны орындайтыныма сенемін. Мен Кореядағы әр көше азанның керемет үніне толғанша тырысамын», деп жазды ол. Осы орайда бүгінгі таңда Таңғы шық елінде шамамен 40 мыңдай мұсылман өмір сүріп жатқанын және бес тұрақты, екі уақытша мешіт барын айта кетпекпіз.

 

0 пікір
Мұрағат