Ислам туралы кітаптарға басыбүтін тыйым салынуы мүмкін
Ислам туралы кітаптарға басыбүтін тыйым салынуы мүмкін
3 жыл бұрын 1717 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Исламофобиялық жат құбылыстың тамыры тереңге кеткен Францияның ішкі істер министрі Жеральд Дарманин ислам тарихынан сыр шертетін әрі дін үшін соғысқан көрнекті тұлғалар туралы кітаптар басып шығаратын баспаларды жабуды бастама етіп көтеріп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Франция республикасының ІІМ басшысының мұндай бастама көтеруіне 7 ғасырда өмір сүрген, саңлақ сахабалардың бірі, ислам әлемінде әйгілі қолбасшы Халид ибн әл-Уәлидтің өмірбаянынан сескенгені себеп болып отыр. Жеральд Дарманиннің бұл ақылға сыймайтын немесе көңілге қонбайтын мәлімдемесін жергілікті ислами баспагерлер саяси қадам ретінде бағалап отыр. Француз билігі елдегі мұсылман ұйымдарын заңсыз сынға алуының астарында саяси ұпай жинау жатыр. Тарих әр халықтың немесе ұлттың өз ерекшелегін сақтау үшін керек. Бұл оның ажырамас құқығы. Франция билігі осылайша елдегі мұсылмандардың құқығына қол сұғып отыр. Францияда көп ұзамай ел үшін елеулі саяси дода болмақ – президент сайлауы; сайлау жақындаған сайын батыс елдерінде мұсылмандар есебінен саяси ұпай жинайтын әдеттен қазіргі француз билігі де бас тартпайды.

0 пікір
Мұрағат