«Ислам сегіздігіне» ортақ валюта енгізу туралы бастама көтерілді
«Ислам сегіздігіне» ортақ валюта енгізу туралы бастама көтерілді
2 ай бұрын 440 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: elements.envato.com. Автор: Ekahardiwito

Бангладеш премьер-министрі Шейх Хасина «Ислам сегіздігіне» (D-8) мүше елдерді өзара сауда-саттықты арттыру үшін ортақы валюта енгізуге шақырды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Бангладеш астанасы – Дакка қаласында өткен D-8-тің сауда министрліктерімен кездесуіндегі мәлімдемесіне жөн сілтеген ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бангладеш премьер-министрі бұл тарапта Еуропалық одақты мысалға келтірді. Дәлірегі, аталған одақтан үлгі алып, мұсылман елдерінің әл-ауқаты мен әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсарту әрі өзге елдерге тәуелді болмауды мақсат ету керектігін алға тартты. D-8 сауда министрлерінің Даккадағы кездесуі кезінде сауда-саттықтты жеңілдету келісімдерін талқылауға арналды. Делегаттар, сондай-ақ, 2030 жылға қарай өзара сауданы қазіргі 146 миллиард доллардан 500 миллиард долларға дейін жеткізуді алдарына мақсат етіп қойды. Ислам елдерінің D-8 1997 жылы құрылған. Оның құрамына негізінен мұсылмандар қарасы көп сегіз мемлекет кіреді – Бангладеш, Мысыр, Индонезия, Иран, Малайзия, Нигерия, Пәкістан, Түркия.

0 пікір
Мұрағат