Ислам құндылығына қайшы келетін тауар сатқан саудагерлер жазаланады
Ислам құндылығына қайшы келетін тауар сатқан саудагерлер жазаланады
2 жыл бұрын 1108 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Depositphotos

Катардың сауда және өнеркәсіп министрлігі (MOCI) ислам құндылықтарына қайшы келетін тауарлар сатқан саудагерлердің жауапкершілікке тартылатынын, яғни, жазаланатынын ескертті. Дәлірегі, қандай да бір азғындықтың жасырын насихат құралына жататын ЛГБТ туы бейнеленген немесе ЛГБТ туына ишара ететін түске боялған ойыншықтар мен төсек қатынасына қатысы бар ойыншықтар, тауарлар сатқан саудагерге бір миллион риал (274 650 доллар) мөлшерінде айыппұл салынады немесе үш айға дейін абақтыға жабады, тіпті, коммерциялық лицензиясын кері қайтарып алады. Бұған қоса, ислам құндылығына қайша келетін тауарлары тәркіленеді. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш министрлік ел тұрғындарын бұл мәселеге немқұрайды қарамай, ислам құндылықтарына қайша келетін көріністерді, жарнамаларды, т.б.  немесе тұтынушыларды ислам құндылықтарына қайшы келетін тауарлар сатылып жатқан жердің мекен-жайы туралы хабарлауға үндеді. Осылайша қоғамда шариғат талаптарын өрескел бұзатын келеңсіздіктердің алдын алуды көздейді, дәлірегі, кінәлі тұлғаларға немесе мекемелерге тиісті шара қолданылады.  Мұндай шара көрш араб елінде де, яғни, Саудия аумағында да болып өткенін айта кетпекпіз: ЛГБТ-ның белгісіне айналған түрлі түсті ойыншықтар сауда орындарынан тәркіленген болатын.

0 пікір
Мұрағат