|
Ислам қаржысы 6 трлн долларға жеткенімен капитал бөлінісі біркелкі емес
|
Сауда дәліздері Парсы шығанағының өтімділігін жылдам дамушы экономикалармен байланыстырады. Бұл жайында islam.kz порталы Asian Banking & Finance ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қазіргі уақытта ислам қаржы индустриясы 100 юрисдикцияда шамамен 6 трлн доллар активке ие, осылайша әлемдік сауда-саттықтағы өзгерістер аясында капиталдың, сауданы қаржыландырудың және цифрлық инфрақұрылымның халықаралық қаржы ағындарының негізгі драйверіне айналып отыр. Standard Chartered деп аталатын қаржылық қызмет көрсетумен айналысатын трансұлттық корпорацияның «Қаржы мекемелеріне арналған исламдық банк ісі: исламдық қаржы бірлестіктерінің дәуірі» атты жаңа есебіне сәйкес сектор әдеттегі қаржыландыру шеңберінен шығып, Парсы шығанағы елдерінің ынтымақтастық кеңесі (GCC) сияқты өтімділікке бай нарықтарды АСЕАН (оңтүстік-шығыс Азия елдерінің ұйымына мүше мемлекеттер), Оңтүстік Азия және Африканың жылдам дамып келе жатқан экономикаларымен байланыстырады. Аталған корпорация ислам қаржысындағы өтімділік тереңдей түскенімен, капиталдың бөлінуі біркелкі еместігін атап өтті. Қазіргі уақытта сукуктардың әлемдік капиталының тек алты пайызы ғана Оңтүстік Азия мен Африкаға келіп түседі екен - осы өңірлердің инфрақұрылымы мен дамуына едәуір қажеттілікке қарамастан қаржыландыру тапшылығын еңсеруге біршама мүмкіндік ашады. Бұл тараптағы зерттеуде сауда, инвестиция және айналым капиталының басым арналары ретінде Парсы шығанағына, Қытай мен Таяу Шығыс - Түркияға бағдарланған дәліздерге назар аударылған. Standard Chartered-тегі топтық ислам банкингінің бас директоры Құрам Хилал көптеген нарықтар үшін негізгі міндет - капиталды трансшекаралық мүмкіндіктермен тиімді біріктіру екенін мәлімдеді.