|
Иранға қарсы санкцияны орындаудан Түркия бас тартты
|
Түркияның экономика министрі Ниқат Зейбекші АҚШ-тың Иранға қарсы санкциясын Түркияның орындауы міндетті емес деп мәлімдеді. Бұл жайында IRNA ақпарат көзі хабар таратты. АҚШ-тың әлем елдерін Ираннан мұнай сатып алуды тоқтатуға шақырған үндеуіне Түркияның экономика министрі "Түркияның ұлттық мүддесінен басқаға мойын бұрмаймыз" деп жауап қатты. Осылай дей келе бауырлас Иран елінің әділетсіздіктің құрбаны болмасы үшін Түркияның барынша көмек қолын созатынын да жеткізді. Сөз орайы келгенде айта кетсек, Ақ үй Иран мұнайын қараша айының 4-не дейін импорттауды тоқтатуға әлем елдерін шақырып отыр. Бұл талапқа құлақ аспағандарға да санкция салынуы мүмкін ескертіп отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді