Иранда алыс қашықтыққа ұшатын зымыран жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
Иранда алыс қашықтыққа ұшатын зымыран жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
2 жыл бұрын 1435 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Иранда сәуір айының 29-ы күні Құдыстың бүкіл әлемдік күнінің құрметіне өткен жаппай шеру кезінде «Хейбар-шекан» ("خیبر شکن") деп аталатын жаңа баллистикалық зымыранын жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы irna.ir ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған қару 1450 шақырымға дейінгі нысананы жоя алады. Бұл зымыран әлемдегі ең алыс қашықтыққа ұшатын баллистикалық зымыран. Ол стратегиялық осы заманғы зымырандардың үшінші буынына жатады. Ол салмағы мен дәлдігі жағынан да ерекше. «Хейбар Шекан» зымыранының салмағы аналогтарымен салыстырғанда үштен біріне, ал оны ұшыруға кететін уақыт алты есеге қысқарды. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Құдыстың бүкіл әлемдік күні 1979 жылы Имам Хұсейннің бастамасы бойынша аталып өтіп келе жатыр. Палестиналықтар құқығына қолдау көрсету акциясы ретінде. Биыл бұл атаулы күн қасиетті Рамазан айының соңғы күндерінің біріне тұспа-тұс келіп отыр – сәуірдің 29-ы.

0 пікір
Мұрағат