Иран Sayyad 4B зымыранын cынақтан сәтті өткізді (видео)
Иран Sayyad 4B зымыранын cынақтан сәтті өткізді (видео)
1 жыл бұрын 1597 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жексенбі күні салтанатты шарада ирандық Бавар-373 әуе қорғаныс жүйесімен жұптастырылған қатты отынды жаңа зымыран жұртшылық назарына ұсынылды. Бұл жайында islam.kz порталы isna.ir ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш зымыранның ұшу қашықтығы – 300 шақырым. Иранның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі оңтайландырылған радары арқылы 450 шақырымнан астам қашықтықтағы нысананы анықтап, оны Sayyad 4B арқылы жару алдында шамамен 405 шақырым қашықтықтағы нысананы қадағалап үлгерді. Sayyad 4B зымыран қозғалтқышы гибридті қатты отынмен жұмыс істейді және алғаш рет пайдалану сынақтарынан өтті. Жаңа жетістік Бавар-373 анықтау радиолокаторының диапазонын 350-ден 450 шақырымға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді, ал бақылау радарының диапазоны 260-тан 400 шақырымға дейін ұлғайды. Sayyad 4B зымыранын қолдану, сонымен қатар, Иранның әуе шабуылына қарсы қорғаныс зымырандарының қашықтығы 300 шақырымнан дейін ұлғайып, соғысу биіктігі 27-ден 32 шаұырымға дейін артқанын білдіреді. Аталмыш жүйе 6 нысанаға тиіп, оларды жоюға қабілетті. Әлемнің көптеген технологиялық дамыған елдері осындай жүйеге ұмтылуда

0 пікір
Мұрағат