Иран Ресейге қатысты Қырым мәртебесі туралы позициясын білдірді
Иран Ресейге қатысты Қырым мәртебесі туралы позициясын білдірді
1 жыл бұрын 1047 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Иран ядрролық бағдарламасына, ал Ресей Украинаға басқыншылығына байланысты батыс елдері тарапынан қатаң экономикалық шектеуге ұшыраған, яғни, санкция салынған мемлекеттер. Аталған екі ел де бір-бірімен стартегиялық әріптестік орнатқан одақтас елдер. Соған қарамастан Парсы елінің билігі Ресей басып алған Украина құрамындағы Қырым түбегі мен тағы төрт облысты Ресейге тиесілі емес деп есептейді. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Иран сыртқы істер министрлігінің жетекшісі Хұсейн Әмір Абдолла: «Біз халықаралық заңдар аясында елдердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын мойындаймыз, сондықтан Теһран мен Мәскеу арасындағы достық қарым-қатынастарға қарамастан, біз Қырымның..., Луганск және Донецк облыстарының Украинадан бөлінуін мойындамадық... Сыртқы саясаттағы дәйекті принцип: біз Украинадағы қақтығыс шешім емес деп айтсақ, біз өзіміздің іргелі саяси принцип ретіндегі ұстанымымызға сенеміз», деп мәлімдеді.

0 пікір
Мұрағат