Иран қажылары тоғыз жылдан бері алғаш рет ұмраға келді
Иран қажылары тоғыз жылдан бері алғаш рет ұмраға келді
28 күн бұрын 271 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: shutterstock.com. Автор: Mo Maher

Ирандық қажылар соңғы тоғыз жылда алғаш рет ұмра (кіші қажылық) үшін Сауд Арабиясына келді. Бұл жайында islam.kz порталы Islam-Today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. ТАСС агенттігінің парсылардың IRNA дерек көзіне сілтеме жасап хабарлағанындай, Иранның Күрдістан мен Керманшах провинцияларының тұрғындарынан әрқайсысы 85 адамнан тұратын алғашқы екі топ Теһран қаласындағы Имам Хомейни әуежайынан қасиетті Мәдинаға аттанған. Биыл жалпы саны 5 мыңнан астам ирандық Сауд Арабиясына кіші қажылыққа баруды жоспарлап отыр. Осы орайда Иран мен Саудия арасындағы қатынас 2015 жылдың наурыз айында Саудия бастаған коалицияның Йемен аумағындағы әскери операцияға байланысты ушығып кеткенін айта кетпекпіз. 2016 жылы қаңтарда Саудияның Теһрандағы елшілігі мен оның Мешхедтегі консулдығына Ер-Риядта діни қайраткер шейх Нимр әл-Нимрдің өлім жазасына кесілгеніне наразы топтың шабуылынан кейін аталған араб елі Иранмен дипломатиялық қарым-қатынасын үзді. 2023 жылдың наурызында Иран мен Сауд Арабиясы қарым-қатынасты қалпына келтіруге және елшіліктерді қайта ашуға келісті.

0 пікір
Мұрағат