Иран жаңа зымыранын сынақтан өткізді (видео)
Иран жаңа зымыранын сынақтан өткізді (видео)
1 жыл бұрын 707 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Иранның элиткалық саяси-әскери күштік құрылымы – Ислам революциясының сақшылар корпусы «Хайбар» (خیر) деп аталатын жаңа, отандық, баллистикалық зымыранын жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы farsnews.ir ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш қару - Хорремшехр тобына жататын зымырандар жүйесінің жетілдірілген нұсқасы. Шиғалар елінің қарулы күштерінің бригадалық генералы, қоғаныс министрлігінің жетекшісі Мұхаммед Реза Аштиани зымыранның электронды соғысқа және қарсыластың әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесіне қарсы иммунитетке ие екенін, яғни, электрондық күш қолданылғанда істен шықпайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар, «Хайбар» түрлі оқтұмсық түрлерін пайдалануға мүмкіндік береді, ол ықшам қару және пайдалануға оңай. Зымыран екі мың шақырым қашықтықтағы нысаналарға дәл тиіп, жоя алады.

0 пікір
Мұрағат