Иран жаңа Shahed-238 соққы беруші дронын көрсетті (видео)
Иран жаңа Shahed-238 соққы беруші дронын көрсетті (видео)
1 жыл бұрын 1626 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Иранда Shahed-238 деп аталатын жаңа соққы беруші ұшқышсыз ұшу аппараты «Ашура» аэроғарыш ғылымы және технологиясы университетінде жұртшылық назарына ұсынылды. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл шараға аятолла Хаменейдің өзі қатысты. Жоғарғы көсемге реактивті қозғалтқышпен жабдықталған нұсқасы көрсетілген. Shahed-238 дроны үш үлгіде (модификацияда) жасалған. Олардың әрқайсысы оталу жүйесіне ие. Инерциялық жүйе мен GPS сигналдарын пайдалана отырып, автономды бағдарлау жүйесін алған ұшқышсыз ұшақтың негізгі нұсқасынан басқа инфрақызыл және радиолокациялық бағыттағы нұсқалары да бар. Инфрақызыл/оптикалық бағдарлау жүйесін пайдалана отырып, шабуылға арналған UAV жаудың артқы жағында, яғни, тасада орналасқан техникасына соққы бере алады. Әлеуметтік желіде жарияланған видеода дронның қара фюзеляждары бар екенін байқауға болады – қаруды істен шығаратын радио-толқынды сіңіруші материал болуы мүмкін екенін алға тартып отыр әскери сарапшылар. Осы орайда тауда Парсы елінде Fattah II дыбыстан жылдам зымыраны пайда болғанын айта кету керек. Оның артықшылығы – дыбыстан тез жылдамдықта маневр жасай алады. Яғни, жаудың әуе қорғаныс жүйесін еңсере алады.

0 пікір
Мұрағат