Иран 150 елге тайқтайша мен керамика экспорттайды
Иран 150 елге тайқтайша мен керамика экспорттайды
1 жыл бұрын 1060 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Иранда жасалған тақтайшалар мен керамикалық бұйымдар 150 елге экспортталады, оның ішінде Пәкістан мен Иракқа экспорттың 80 пайызы тиесілі, деп хабарлады Парсы елініңң кәсіподақ ұйымының ресми өкілі. Бұл жайында islam.kz порталы irna.ir ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Шиғалар елінің керамика қауымдастығының жетекшісі Асқар Ақанық экспортта тасымалдау құны маңызды мәнге ие болғандықтан (бұл арада кермикалық бұйымдардың шыны секілді сыну немесе бүліну қаупі жоғары екеніндігін меңзеп отыр) ирандық өндірушілер өз өнімдерін көрші және аймақтық мемлекеттерге экспорттауға басымдық беріп, 280 миллион халқы бар Пәкістанның Иран үшін айрықша нарыққа айналуы мүмкін екенін жеткізді. Оның айтуынша, кейбір ирандық өндірушілер өз өнімдерінің 50-60 пайызын басқа елдерге экспорттайды, өйткені, Иранның жоғары сапалы өнімдері еуропалық өнімдерден артық болмаса, кем түспейді. Иран керамикалық қоғамының хатшысы Росита Голпур елдің жалпы экспортындағы Иранда жасалған тақтайшалар мен керамика үлесінің айтарлықтай өскенін және Парсы елінің бұл тұрғыда аймақтағы бірегей ел екенін мәлімдеді. Иранда жасалған плиткалар мен керамикалық бұйымдардың сапасы қытайлық өнімдерге қарағанда жоғары; сондықтан Иран Таяу Шығыс пен Еуразиядағы Қытайдың қатаң бәсекелесі. Ираннан тақтайша мен керамика экспорты 2020 жылы 48 елден қазір 150 елге артқанын алға тартқан ол Пәкістан мен Ирак саудагерлері бұл өнімдерді доллармен емес, риалмен сатып алатынын да жасырмады. Иранның сауда-саттықты ынталандыру ұйымының (TPOI) электронды сауданы алға жылжыту кеңсесінің бас директоры Махмұд Базар 23-ші халықаралық тақтайшалар, керамика, санитарлық бұйымдар және сабақтас өнеркәсіп жәрмеңкесі  қаңтар айының 19-22 күндері аралығында Теһран халықаралық тұрақты жәрмеңкесінде өтетінін хабарлады. Аталмыш көрмеге 100-ге жуық ирандық және шетелдік компания қатысатынын жеткізді, олардың арасында Түркия, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Ирак, Ауғанстан, Ресей, Сирия, Беларус және Тәжікстанның өкілдері болады.

0 пікір
Мұрағат