Ирак аптап ыстық пен шаңды дауылмен күресу үшін бес миллион пальма ағашын отырғызады
Ирак аптап ыстық пен шаңды дауылмен күресу үшін бес миллион пальма ағашын отырғызады
1 жыл бұрын 1355 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ирак билігі климаттың өзгеруінің салдары – аптап ыстық, құрғақшылық және шаңды дауылмен күресу науқанын бастады. Ол таза энергияны насихаттауды, суды тазартуды және ормандарды молықтыруды қамтиды. Бұл жайында islam.kz порталы  Phys.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы науқан аясыннда аталған ел аумағында бес миллион пальма және басқа да ағаштар отырғызылады. Ирак премьер-министрі Мұхаммед Шиға әл-Суданидің келтірген дерегіне қарағанда, елдегі жеті миллионнан астам адам климаттық дағдарыстан зардап шеккен, жүздеген мың адам құрғақшылық салдарынан үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Сондай-ақ, жасыл аумақтардың тарылуы азық-түлік қауіпсіздігіне, адам денсаулығына және қоршаған ортаға тікелей қауіп төндіріп тұр. Бұрын Ирак «30 миллион пальма ағашының елі» деп аталатын, алайда, талай жылға созылған қарулы қақтығыстар мен ел билігінің сәтсіз саясатынан кейін Бағдад пен басқа да ірі қалаларды шаңды дауылдан қорғаған пальма тоғайларының көпшілігі жойылып кетті.

Ұқсас материал:

"Таяу Шығыс: қызылға боялған қауіп" (https://islam.kz/kk/news/alem/tayau-shygys-qyzylga-boyalgan-qauip-16795/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат