Интерпол президенті болып араб генералы сайланды. Алайда, құқық қорғаушылар оны адам азаптады деп айыптап отыр...
Интерпол президенті болып араб генералы сайланды. Алайда, құқық қорғаушылар оны адам азаптады деп айыптап отыр...
2 жыл бұрын 1086 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғаламдық полиция агенттігі мәлімдегендей, адам азаптағаны үшін халықаралық құқық қорғаушылар тарапынан айыпталған Біріккен араб әмірлігінің генералы Интерпол президенті болып сайланған. Бұл халықаралық құқық қорғау ұйым өкілдерін ғана алаңдатып қоймай, сонымен қатар, Еуропалық парламент мүшелерін де толғандырып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы golosislama.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Twitter әлеуметтік желісінде Интерпол президенті болып араб генералы әл-Раисаның 4 жыл мерзімге сайланғаны туралы ақпарат жарияланғаннан кейін бұл төңіректегі дау-дамай әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарын шарлап кетті десе де болады. Дегенмен БАӘ қауіпсіздік күштерінің жетекшісі негізінен формалды түрде ғана қызмет атқаратыны белгілі болды. Ал Интерполдың күнделікті тірлігімен Лион қаласындағы Интерполдың бас хатшысы Юрген Шток атқарады (2019 жылы бес жыл мерзімгі сайланған). Араб генералының үстінен адам азаптағанына байланысты шағымды Түркия мен Франция түсірген болатын. Әбу-Даби билігі осы тағайындауды пайдаланып, саяси диссиденттерді қырына алу үшін Интерполдың күдіктілерді іздейтін «қызыл хабарлама» деп аталатын халықаралық жүйесін теріс пайдаланды деген айыптаулардан кейін осындай айып тағылып отыр. еуропарламенттің үш депутаты Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйенге осы мәселе бойынша хат жолдады. Хат мәтінінде генерал әл-Райсаның мұндай аса жауапты орынға сайлануы Интерполдың абыройына нұқсан келтіріп қоймай, халықаралық полиция құрылымының тиімді жұмыс істеуіне кедергі келтіруі мүмкін екенін ескерткен. 2020 жылдың қазан айында 19 үкіметтік емес ұйым мен әлемнің 70-тен аса елінде адам құқығының бұзылуын құжаттайтын халықаралық Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы әл-Раисаның Интерполға басшы болу ықтимал екенін ескертіп, алаңдаушылық білдірген еді.

0 пікір
Мұрағат