Индонезия елінде зинақорлық үшін қылмыстық жауапкершілік енгізуді көздеп отыр
Индонезия елінде зинақорлық үшін қылмыстық жауапкершілік енгізуді көздеп отыр
1 жыл бұрын 1237 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Батыс елдері бір жыныстылар қатынасын заңдастыру үшін арпалысып жатыр, ал оңтүстік-шығыс Азия аймағында орын тепкен мұсылман мемлекетінде – Индонезия парламенті ер мен әйелдің некесіз қатынасына қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын заң жобасын қабылдауды көздеп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Егер аталмыш заң жобасы депутаттар тарапынан мақұлданса, зина жасаған ер мен әйел бір жылға дейін бас бостанлығынан айырылады. Бұл заң талаптары тек жергілікті тұрғындарға ғана емес, сонымен қатар, осы елге сапарлап келген меймандар мен туристерге де қолданылады. Индонезия парламенті бұл бағыттағы өзгерістерді желтоқсан айының 15-і күні қабылдауы мүмкін. Осы орайда Индонезияның әділет министрі Едуард Омар Шәріп Хиарыждың аталған ел өзінің қылмыстық кодексін Индонезия құндылықтарына сәйкестендіру бағытында жұмыстар атқарып жатқанын жеткізді. Бұдан бөлек,  «құдайға тіл тигізу» бөлігін де кеңейтті. Яғни, бұдан былай «діннен шығу», «қара сиқыр», қылмыс болып есептелетін болады. Лауазымды мемлекеттік қызметкерлер мен президентті балағаттау да заңсыз. Аталмыш бастаманы ислами ұйымдар мен мұсылмандар қолдағанымен наразылық білдірушілер бұл қадамның ырықтандыру саясаты мен реформасына қайша келетінін әрі адам құқығын бұзатынын, сөз бостандығына шектеу қоятынын алға тартып отыр. Қылмыстық кодексті қайта қарауға жауапты парламенттік комиссияның басшысы Бамбанг Ууриантоның айтуынша, барлық депутат бірауыздан құжаттың жаңарған нұсқасын құптап отыр. Оның айтуынша, ескі кодекс голландиялық мұраның, яғни, отаршылдық кезең сарқыншағының бір бөлігі болып табылады және қазіргі уақытта өзектілігін жоғалтқан. Заңнамалық инновациялар Индонезия Нидерландыдан тәуелсіздігін жариялаған 1945 жылдан бері жарты ғасырдан астам уақыт бойы талқыланды.

0 пікір
Мұрағат