|
Имамды бұдан былай діни басқарма емес, мемлекеттік тағайындайды
|
Қап тауы мұсылмандарының діни басқармасы көп ұзамай Әзірбайжан мешіттерінде имамдарды тағайындау құқығынан айырылады. Бұл жайында islam.kz порталы report.az ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Наным-сенім бостандығы туралы» заңға енгізілген түзетуге байланысты аталмыш құзырет Діни ұйымдармен жұмыс істейтін мемлекеттік комитетке өтеді. Жаңа ереже талаптарына сәйкес мемлекеттік комитет өз кезегінде мүфтиятқа қандай шешім қабылдағанын хабарлауы тиіс. Осы уақытқа дейін имамдарды тағайындау әрі аттестациядан өткізу міндетін Қап тауы мұсылмандары діни басқармасы атқарып келген болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді