|
Имамдар бірыңғай киім үлгісіне көшеді
|
Қырғыз республикасының мүфтияты дін қызметкерлеріне бірыңғай тігілген яғни, дизайны бірдей киімді таратты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған елдің мұсылмандар діни басқармасына жөн сілтеген islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Барлығы ұзын саны 3,8 мың данасы тігілген. Қара-көк түсті униформа алдымен бішкектік және шулық имамдарға таратылған. Осы орайда 2019 жылы қырғыз имамдары үшін бірыңғай киім үлгісі бекітілгенін айта кетпекпіз. Ол кезде ұлттық ою-өрнегі бар, ақ түсті шапандар тігілген еді. Діни жетекшілер қасиетті Қара тас бейнеленген арнайы белгісі бар киіммен ерекшеленетін.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді