Йенс Столтенберг: «Еуропаның қауіпсіздігі Түркияның қолында»
Йенс Столтенберг: «Еуропаның қауіпсіздігі Түркияның қолында»
3 жыл бұрын 5226 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Еуропалық елдердің қауіпсіздігін солтүстігінде АҚШ, Канада және Ұлыбритания, ал оңтүстігінде Түркия қорғайды. Бұл аталған елдердің барлығы Еуропалық одақ құрамына кірмейді. Солтүстік саяси-әскери альянстың (НАТО) бас хатшысы Йенс Столтенберг AFP агенттігіне берген сұхбатында осылай деді. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның айтуынша, Еуропа қауіпсіздігі соңғы жылдары ЕО елдері жиі айтып жүрген «стратегиялық дербестікке» емес, трансатлантикалық байланысқа негізделуі тиіс. Осылай деген ол ЕО-ға мүше елдердің дені НАТО бойынша одақтас емесін, ЕО тұрғындарының 90 пайызы аталмыш альянстан тысқары өмір сүретінін жеткізді. НАТО бас хатшысы сөз арасында ЕО елдерінің қорғаныс саласына қаражатты молынан бөліп жатқанын құптай келе НАТО-ның белді мүшесі саналатын Франция республикасының президенті Эммануэль Макронның биік мінберлерден жиі ауызға алып жүрген «Стратегиялық автномияға» сенімсіздікпен қарайтынын тілге тиек етті. Йенс Столтенбергтің пікірінше, ЕО өз-өзін сыртқы жаудан қорғауға қабілетсіз. Сөзінің соңында Түркияның Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызына тоқтала келе, әсіресе, террорзимнің ошағына айналған Таяу шығыс елдерінен төнетін террористік қауіп-қатерге қалқан болып отырғанын мойындады.

0 пікір
Мұрағат