Христиан еліндегі кәсіпорындар жаппай халал сертификатқа көшіп жатыр
Христиан еліндегі кәсіпорындар жаппай халал сертификатқа көшіп жатыр
2 минут бұрын 4 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Филиппиндегі жергілікті компаниялар халал сертфикаттау дүрмегін бастан өткеріп жатыр. Тура мағынасында. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Arab News ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оңтүстік-шығыс Азия аймағында орналасқан бұл мемлекеттегі мұсылман жамағатының қарасы ел халқының 10%-нан аспаса да болашағы зор халал өнімдер нарығына шығу үшін отандық кәсіпорындар шариғат талаптарына сай өнім өндіруге ден қоятын болады. Осылайша халал сертификат мұсылман еместер тарапынан да сапа мен қауіпсіздіктің кепіліне, дәлірегі, стандартына айналып отыр. Азия-Тынық мұхиты өңірінің халал сертификат және инспеция орталығының ресми өкілі Раймонд Анидо Филиппин билігінің отандық бизнестің бұл қадамын құптап әрі қолдау көрсетіп отырғанын мәлімдеді. Филиппин шариғат талаптарын сақтай отырып әзірлеген өнімдерін ең алдымен мұсылмандар көптеп шоғырланған Таяу Шығыс өлкесіне экспорттауды көздеп отыр. Бүгінде Филиппинде халал сертификатын берумен айналысатын 12 компания бар. 2018-2020 жылдар аралығында 150 компания сепртификаттаудан өтіп, куәлігін алған екен. Содан бері халал сертификатын ие болған кәсіпорындар саны аз жылда төрт есеге өскен. Халал сертифкатына ие болған жергілікті компаниялар арасында тағам өнімдері мен опа-далап кәсіпорындар қарасы көп. Халал сертификатына ме болған тағам мен опа-далап өндіретін кәсіпорындар саны 600-ден асып кеткен. Ал өндіріс жүйесі толық шариғат талаптарына көшпесе де ішінара өнімдері халал сертификатына ие мұндай кәсіпорындар саны 1000-нан асқан. Филиппин аумағында қазіргі уақытта шамамен 12 млн мұсылман бар.

0 пікір
Мұрағат