Харам мансабынан адал кәсіпке қалай өтті?
Харам мансабынан адал кәсіпке қалай өтті?
8 жыл бұрын 3708

Британиялық кәсіпкер Әділ Хан харам мансабын тастап, адал кәсіпті қалай қолға алғанын айтып берді. Түсінікті болу үшін басынан бастасақ, ол әлемге әйгілі Оксфорд университетін тәмамдағаннан кейін қызметі шариғат талаптарына сай келе бермейтін, яғни, пайыз арқылы пайда табуға негізделген Goldman Sachs және Lehman Brothers инвестициялық банктерде мансабын бастаған болатын. Кейін Дубайда өзінің консальтингтік фирмасын ашып алды. Таяу Шығысқа келгеннен кейін ол соғыстан көз ашпаған Сириядағы, Газа секторындағы және Ауғанстандағы діндес бауырларының мүшкіл халіне ой жүгіртіп, оларға көмектесудің жолын іздейді. Осындай ізгі ниетпен мұқтаж мұсылмандар үшін арзан әрі жылдам дайындалатын және ұзақ уақыт сақталатын тағам әзірлейтін кәсіпорын ашуға бел байлайды. Бұл жайында «IslamNews» порталы «Al Arabiya» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. «Әдетте көмек ретінде құрғақтай дайындалған тағамдарды жөнелтіп жатады. Өзіңіз ойлаңызшы, бомба түскен үйде осы құрғақтай тағаммен отырасыз. Оны қалай пісіреді?» - деді ол. Әділ Ханның кәсіпорны ғарышкерлерге арналған тағамдарға ұқсас қаптамадағы жылдам дайындалатын тағам өндіре бастады.

1 пікір
  • Қашан жаңалықтардың тақырыбы толық қойылатын болады?
    БАҚ сайттарына кіріп көрсеңіздер, осылай жартылай қойыла ма екен...
    8 жыл бұрын
Мұрағат