Ғибадат ғимараттары маңында ішімдік саудасына тыйым салынатын заң жобасы әзірленді
Ғибадат ғимараттары маңында ішімдік саудасына тыйым салынатын заң жобасы әзірленді
2 ай бұрын 392 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Дербент қалалық кеңесінің депутаты Полад Наметуллаев мешіттерге, шіркеулерге, храмдарға және басқа да ғибадатханаларға іргелес аумақтарда алкогольді ішімдіктерді сатуға тыйым салатын заң жобасын әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы "МК Дагестан" ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Депутатты аталмыш заң жобасын әзірлеуге туристер көп келетін қаланың тарихи бөлігіндегі алкоголдік өнімдердің қызу саудасы түрткі болған. Дербенттегі туристік бағыттар негізінен қаланың тарихи бөлігінде орналасқан. Маусым айында ол Дағыстан Халық ассамблеясының төрағасы Заур Әскеровке Дағыстан Республикасының 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 27 «Алкогол өнімдерінің бөлшек саудасына шектеулер белгілеу туралы» Заңына өзгерістер енгізу туралы ұсыныс түсірген болатын. Алайда, республикалық парламентте депутатқа заң жобасын қарауға ұсынуға тек муниципалдық заң шығарушы орган ғана құқылы, деп жауап берген. «Содан кейін шешім жобасын әзірлеп, құжаттар пакетін түгел дайындап, Дербент қалалық ассамблеясының президиумына тапсырдым. Төралқа заң шығару бастамасын қолдап отыр. «Дағыстан Республикасының аумағында алкогол өнімін және алкоголсіз сергітетін сусындарды бөлшек саудада өткізу саласындағы шектеулерді белгілеу туралы» Дағыстан Республикасының Заңының 1 бабының 4 тармағы толықтырылады: «Мешіт, храм, шіркеу және (немесе) өзге де діни кешендер аумағы мен маңында алкогол өнімдерінің бөлшек саудасына жол берілмейді». «Мен Дағыстан Республикасы халық ассамблеясының заң жобасын қолдайтынына 99% сенімдімін және республика басшысы бұл өзгеріске қол қояды. Бұрыннан бар республикалық заң негізінде Дағыстанның барлық қалалары мен облыстарында тиісті муниципалдық құқықтық акт қабылданатын болады», - деді Дербент қалалық жиналысының депутаты.

0 пікір
Мұрағат