Германияда неміс тілін білмейтіндерге суға шомылуға тыйым салынды
Германияда неміс тілін білмейтіндерге суға шомылуға тыйым салынды
1 сағат бұрын 44 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Германия аймақтарының бірінде ақылға сыймайтын ереже күшіне енді. Енді шомылу үшін тілден сынақ тапсыруың керексің. Бұл жайында islam.kz порталы mk.ru сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, аталған еуропалық елдің шығысында орын тепкен Галле қаласында неміс тілін білмейтін меймандарға Хайдезее көліне шомылуға тыйым салынды. Су қоймасының әкімшілігі кл аумағына кіргендерді неміс тілін білетінін тексереді. Әкімшіліктің мұндай қадамға баруына суға шомылушылардың қауіпсіздігі үшін барып отырғандығымен түсіндіреді. Яғни, құтақарушылар бөгде тілде көмекке шақырғандарды түсінбей қалуы мүмкін. Әрі суға шомылуға келгендер неміс тіліндегі қауіпсіздік ережесін түсінбей, оқыс жағдайда мерт болуы мүмкін. Алайда, әкімшіліктің мұндай шарасын туристер де, құқық қорғаушылар да құптамай отыр. Мұндай шектеуді сот арқылы алып тастауға бел буып отыр. Тіпті, Хайдезее қаласының өзге де лауазымды қызметкерлері бұл бастамаға қолдау білдірмей отыр. Көл қоғамдық игілік болғандықтан әкімшіліктің мұндай шектеуі өз кезегінде ксенофобиялық сипат алатынын мәлімдеді. Суға шомылушылардың қауіпсіздігі үшін басқа амалдарды қарастыруды ұсынды. Соның ішінде қауіпсіздік ережесін бірнеше тілде жазып қоюға болатынын алға тартты.

0 пікір
Мұрағат