Германия Иранмен экономикалық ынтымақтастықтан ресми түрде бас тартты
Германия Иранмен экономикалық ынтымақтастықтан ресми түрде бас тартты
1 жыл бұрын 1365 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Германия Ирандағы наразылық шерулерін басып-жаншуға ашық түрде наразылық білдіріп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Associated Press ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Германия Иранның қуғын-сүргін кезінде адам құқықтарының бұзылуына жауап ретінде Ирандағы бизнеске экспорттық несиелер мен инвестициялық кепілдіктерді тоқтатты. Экономика министрлігі барлық «экономикалық форматтардың», соның ішінде энергетикалық мәселелер бойынша диалогтың тоқтатылатыны туралы хабарлады. Германия билігі ирандық компаниялармен байланысы бар неміс бизнесіне берілген кепілдіктерді жойды. Бұрын Германиядағы экспорттық несиелер неміс компанияларын инвестициялар қатерге ұшыраған және экспорт төленбеген жағдайда тәуекелден қорғауға мүмкіндік беріп келген еді. Қаржы министрлігі Иранның жобалары үшін кепілдік құралдарын пайдалану ондаған жылдарға тоқтатылғанын, алайда, Иранның әлемдік державалармен, соның ішінде Германиямен ядролық бағдарлама бойынша келісімі нәтижесінде 2016 жылдан бері қысқа мерзімге рұқсат берілгенін мәлімдеді. Германия билігі осылайша ирандық кепілдіктерді толық тоқтату туралы шешім қабылдай отырып, Парсы елінде ауыр гуманитарлық дағдарыс орын алғғанда ғана қолұшын созатынын жариялады. Ирандағы экономикалық талаптар мен саяси толқуға ұласқан наразалық шеруі кезінде кем дегенде 500-ге тарта адам көз жұмып (оның ішінде кәмелет жасына толмаған екі бала бар), жүздеген адам авторитарлық режимге бас көтергені үшін жазаға тартылды. 

0 пікір
Мұрағат