Францияда рейтингісі жоғары мұсылмандар мектебі жабылайын деп жатыр
Францияда рейтингісі жоғары мұсылмандар мектебі жабылайын деп жатыр
2 ай бұрын 371 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Францияның білім беру министрі Никол Беллуб Ницца қаласында орналасқан мұсылмандардың жекеменшік колледжін жабылатынын жариялады. Аталмыш білім ордасының қайдан қаржыландырылатыны белгісіз болғандықтан осындай қадамға баруға мәжбүр екенін мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Morocco World News ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Министрдің айтуынша, мұндай қаржыландыру көзі белгісіз немесе ашық емес мектептердің жұмыс істеуі 2021 жылы қабылданған сепаратизмге қарсы тұру туралы заңға қайшы келеді. Министр колледж тарапынан бірнеше өтініш түскеніне қарамастан қаржыландыру көздері туралы нақты мәліметтер бере алмаған. Желтоқсан айында IN дерек көзі Ибн Сина колледжінің мұсылман этикасын ұстанғаны үшін мемлекет тарапынан бөлінген қаржыдан айырылғанын хабарлаған еді. Құрылғанына 20 жыл болған оқу орны жалпы білім беру бағдарламасымен қатар ислам негіздерін де оқытады. Білім ошағында 800-ден астам оқушы бар. Мектеп оқушыларының үлгерімі бойынша жоғары рейтингтерге ие.

0 пікір
Мұрағат