Франция он жыл ішінде 1 млрд ағаш отырғызады
Франция он жыл ішінде 1 млрд ағаш отырғызады
1 жыл бұрын 971 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

2032 жылға дейін Франция миллиард ағаш отырғызады – бұл көрсеткіш елдің жалпы орман алқабының 10%-на жетеқабыл. Ағаштар елдің барлық аймағында отырғызылатын болады. Бұл жайында islam.kz порталы euro-pulse ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Отырғызылатын ағаштар жаһандық жылынудың салдарын азайтуға көмектеседі: олар парниктік газдардың табиғи «тұтқышы». Сонымен қатар, ағаштар жануарлардың, өсімдіктердің және жәндіктердің мыңдаған сирек және жойылып бара жатқан түрлерінің мекендейтін ортасын сақтауға көмектеседі. Осылайша аталған еуропалық ел климат дағдарысын бәсеңдетіп, биологиялық әралуандылықты сақтап қалу бағытында елеулі қадам жасайды. Ағаштар жазда қалалар үшін табиғи желдеткіш қызметін атқарады, ал қыста суық желдан қорғайтын қалқан болады. Осының арқасында француздар ғимараттарды салқындату немесе жылыту үшін электр қуатын аз жұмсайды. Сөз орайы келгенде кәрі құрлық аймағында 2030 жылға дейін ұзын саны 3 миллиард жаңа ағаш отырғызылатынын айта кету керек. Бұл экологиялық шара Еуропалық Одаққа 2030 жылға қарай атмосфераға бөлінетін парникті газ мөлшерін 55%-ға дейін азайтуға мүмкіндік беріп қоймай, сонымен қатар, 2050 жылға қарай көміртектен ада аймаққа айналу  мақсатына жетуге көмектеседі.

0 пікір
Мұрағат