Финдер адамның аты-жөнін реттеуге арналған өзгеше ереже қабылдады
Финдер адамның аты-жөнін реттеуге арналған өзгеше ереже қабылдады
2 ай бұрын 587 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Скандинавия түбегіндегі Финляндия билігі, дәлірегі, аталған елдің әділет министрлігінде жасақталған адамның аты-жөнін ретке келтіру жөніндегі арнайы комиссия балаға бей-берекет есім қоюға тыйым салатын ереже қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы euro-pulse ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш ереже талаптары бойынша ата-ана баласына ат таңдағанда қандай да бір пайғамдардың (мәселен, Иссус) немесе Волан секілді дінге қатысы бар кейіпкерлер мен тұлғалардың я болмаса діни мәтіндерде кездесетін жаратылыстардың (мәселен, Ібіліс, т.б.) аттарды қоюға, сондай-ақ, қандай да бір заттың немесе бұйымның атауын балаға таңуға (мәселен, Балға немесе Балта), сонымен қатар, адамды қорлауы мүмкін, баланың болашағына зиянын тиигізуі мүмкін аттарды қоюға тыйым салынған. Бұдан бөлек, адамның аты-жөніне қатысты заң бойынша ұл балаларды әйелге тән есіммен атауға немесе қыздарды ерлерге тән есімдермен атауға тыйым салынады. Бұған қоса, әкесінің есімімен баланы атауға тыйым салынған (мәселен, Асқарұлы Асқар), яғни, бірдей қайталанған аттарға тыйым салынады.

0 пікір
Мұрағат