Филипппин мен Қытай арасындағы қатынас шиеленіc ушығып барады
Филипппин мен Қытай арасындағы қатынас шиеленіc ушығып барады
2 ай бұрын 331 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Филиппиннің балықа шаруашылығы басқармасы Қытай тарапын Скарборо Шоал атоллының суын құрамында цианид бар заттармен қасақана улап жатыр, деп айыптауда. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай қаскүнемдіктен келген залал 17,8 миллион доллардан асады және күн сайын өсуде. Аталған оңтүстік-шығыс Азия елінің балық шаруашылығының өкілі Назарио Бригераның айтуынша, қытай балық аулау кемелері филиппиндік әріптестерін таяз жерлерден тайдыру үшін мұхитты әдейі улап жатыр. Дегенмен, қытай балықшыларының заңсыздығын әшкерелейтін бірде-бір дәлел немесе куәгер жоқ. Алайда, жағалау күзетінің Жей Тарриела есімді қызметкерінің сөзіне қарағанда, мұндай қаскүнемдік жалғаса беретін болса немесе тосқауыл қойылмаса, теңіз ресурсына бай өңір көп ұзамай апат аймағына айналуы мүмкін. Осы өлкеде теңіз ресурсымен жан бағып отырған 385 мың тұрғын күнкөріс көзінен айырылып, өзге аймақтарға босып кетуі ықтимал. Мұхиттың осы бөлігіне байланысты Қытай мен Филиппин арасындағы текетірестің тарихы тереңде жатыр. Біріншіден, жыл сайын ауланатын 275 520 тонна балықтан екі тарап та бас тартқысы келмейді. Сонымен қатар, атоллдың ішінде қолайсыз ауа-райында кемелерге паналауға мүмкіндік беретін қалтарыс бар. Бұрын балықшылар балықты естен тандыру үшін цианидті пайдаланған және бұл қалыпты тәжірибе болып саналған. Алайда, теңіз ресурсы мен қоршаған ортаға орасан зор залал келтіретін бұл әдіс бүгінде қолданылмайды.

0 пікір
Мұрағат