Еврейлердің прагматикалық тәжірибесі өзге елдерде де қолданысқа енуі тиіс
Еврейлердің прагматикалық тәжірибесі өзге елдерде де қолданысқа енуі тиіс
3 жыл бұрын 1821 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдардың есебінше, әлем бойынша атмосфераға бөлінген көмірқышқыл газының 40%-ы үй шаруашылығына тиесілі. Яғни, үй шаруашылығы атмосфераны ластаудан өнеркәсіп пен көлік құралдарынан кейінгі орында тұр, жаһандық жылыну мен климат өзгерісіне осынша үлес қосуда деген сөз. Бұл жайында islam.kz порталы TheMarker ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осыған байланысты Израил, Швеция және Ұлыбритания ғалымдары әр азаматқа парникті газды бөлудің квотасын белгілейтін уақыт келді деп мәлімдеп отыр. Ғалымдардың айтуынша, адамдар ұшаққа билет алғанда, автокөлігіне жанармай-жағармай құйғанда, үйінде жарық жаққанда, ойланып барып істейтін болады, өйткені, олардың әрбіреуіне белгілі бір шектен асырмау талап етілген квота белгіленеді, егер бұл квотадан асса, ақы төлейтінін біледі. Мамандар осылайша әр азаматқа дербес квота жүйесін енгізу арқылы жаһандық жылынумен тиімді күресуге болатынын алға тартып отыр. Ал квотасын пайдаланбағандар оны өзгелерге сата алатындей етіп қою керек. Израилдің Герцлидегі Пәнаралық орталықтың тұрақты даму мектебі деканының орынбасары Яэл Параг Коэн Минц, Стокголм қаласындағы (Швеция астанасы) королдік технологиялық институт профессоры Франческо Нерини және Оксфорд университетінің профессоры Тиной Пост пен Лодонның университеттік колледжінің профессоры Пол Акинсон осылай деп мәлімдеді. Ғалымдардың бұл бастамасы Nature Sustainability ғылыми мерзімді басылымында жарияланды. Олардың бұл бастамасы бірінші рет көтеріліп отырған жоқ, мұндай идеялар бұрын да айтылған, алайда, қоғамның наразылығын тудырып, билік тарапынан қолдау таппаған еді. Бұл жүйенің ең тиімді тұсы атмосфераға бөлінетін улы заттар мен ластаушы заттар мөлшерін азайтуға мүмкіндік беріп қоймай, сонымен қатар, әлеуметтік тұрғыдан аз қорғалған, яғни, табысы төмен азаматтарға тиімді. Өйткені, олар көп сапарға шықпайды немесе электрді көп тұтынбайды. Олар квотасын сатып, табыс табуы да мүмкін. Ең бастысы – адамдар ресурсты үнемдеуді үйреніп, жақсы дағдыға бой алдырады. Бұл бастама бірыңғайда экологиялық салықты еске түсіреді. 

0 пікір
Мұрағат