Еуропа елі жерлеудің жаңа түрін заңдастырды
Еуропа елі жерлеудің жаңа түрін заңдастырды
1 сағат бұрын 53 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Германияның Шлезвиг-Гольштейн парламенті  Reerdigung деп аталатын мәйітті жерлеудің жаңа әдісін заңдастырды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде  Oxu.Az ақпарат көзіне жөн сілтеген Zakon.kz сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Шлезвиг-Гольштейн - қайтыс болған адамды ақтық сапарға шығарып салудың осынау түрін заңды түрде бекіткен Германияның алғашқы жері. Мұндай тәсіл қайтыс болған адамның денесін шөп, сабан және өсімдік материалдары толтырылған жабық контейнерге орналастыруды ұйғарады.  Мәйіттегі және өсімдік қоспасындағы микроорганизмдер контейнер ішіндегі температураны көтереді. Осыған байланысты органикалық зат 30-50 күн ішінде қара топыраққа айналады. Бұл ретте марқұмның сүйектері мен тістері шірімейді, сол себепті, оларды ұсақтап, табиғи матаға орап, қабірге салады. Жерлеудің бұл түрін Лейпциг университетінің сот медицинасы институтының ғалымдары екі жылға жуық уақыт сынақтан өткізді. Осындай әдіспен жер қойнына тапсырылған мәйіттер қарасы 80-ге таяды. Зерттеу нәтижелері осы әдістің қауіпсіздігін растады.

0 пікір
Мұрағат