|
Еуропа елі фемицидаға жол бермеу үшін арнайы заң қабылдады
|
Белгия парламенті фемициданың (әйелді жынысына байланысты қасақана өлтіру) алдын алу үшін арнайы заң қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы The Brussels Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш шара өз кезегінде әйелдер өлімінің статистикалық дерегін талдаудан өткізуге әрі қауіп төнген әйелдерді анықтауға көмектеседі. Жаңа заңда фемицида ұғымына құқықтық анықтама берілген. Оны төрт топқа бөлген:
- Таныс әйелді өлтіру – мәселен, ажырасып кеткен бұрынғы әйелін немесе өзімен некеде тұрған әйелді;
- Бейтаныс әйелді өлтіру – мәселен, клиенттің төсек қатынасындағы әйелді;
- Фемицидаға тікелей қатысы жоқ – мәселен, аяғы ауыр әйелге мәжбүрлеп түсік жасату;
- Гендерлік белгісі (яғни, жынысына байланысты жеккөру) бойынша өлтіру.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай ғалымдары көмір электр стансаларының газын арзан және тиімді тыңайтқышқа айналдыратын жолды тапты
■
Мекемелер жұмысқа қабылдамау себебін түсіндіруге міндеттеледі
■
GPS дәуірі аяқталып келеді: Еуропа өз нұсқасын әзірледі
■
Әкенің бала көтерту алдындағы стресі ұрпағының бойына әсер етеді
■
Қытайда жалғыздық бизнеске айналған