|
Еуроаймақтан кетуге қарсы болған мигранттар ереуілге шықты
|
Еуроодақ пен Түркияның мигранттар мәселесіндегі келісіміне қарсы болған екі жүзге жуық босқын Лесбос аралындағы Митилена қаласында ереуілге шықты. Арып-ашып Лесбос аралдарына әрең жеткен олар Еуроодақ аймағынан қайта шығару операциясының тоқтатылғанын талап еткен. Осы бір күннің өзінде мұндағы 52 адамды еліне қайта жөнелту үшін Кавала қаласына алып кеткен. Еске сала кетейік, 20 наурыздан бастап Еуроодақ пен Түркия мигранттар көші-қон мәселесінде келісімге келген болатын. Ондағы ереже бойынша, Кәрі құрлықта заңсыз жүрген босқындар Түркияға шығарылып, ал босқын мәртебесіне лайықты сириялықтар Еуропаға жөнелтілуге тиіс.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еуропа елі діни виза алғысы келетін имамдар мен пасторларға, раввиндерге 7 шартты қамтитын ереже қабылдады
■
Үш жылдан соң жаһандық ислам қаржы индустриясының активтері 10 трлн доллардан асады
■
Организмді жасартудың өзгеше тетігі табылды
■
Әлемдегі бір ел иттердің 11 түрін асырауға тыйым салды
■
Араб елі жергілікті мұсылмандарға Nike өнімдерін пайдалануға тыйым салды