Ет жарнамасына әлемде тұңғыш рет тыйым салынады
Ет жарнамасына әлемде тұңғыш рет тыйым салынады
2 жыл бұрын 957 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Голландияның Харлем қаласы қоғамдық орында ет жарнамасына тыйым салатын әлем бойынша  алғашқы қала атанбақ. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ет жарнамасына тыйым салатын заң 2024 жылы қолданысқа енеді. Неге сәл кешіктіріп қолданысқа енгізеді десек, ет өндірушілермен арадағы келісім-шарттардың күшін жоюға мұрсат беріліп отыр. Бұл шара өз кезегінде климат өзгерісіне қарсы күрестің бір парасы болмақ. Аталмыш заң жобасының әзірленуіне GroenLinks («Жасыл солшылдар») партиясының өкілі Зигги Клазес бастамашы болған. 160 мың тұрғыны аталған қалада ет пен ет өнімдерін барлық жерде жарнамалауға қатаң тыйым салынып отыр. Тыйым, сонымен қатар, қазба отын тұтынуды насихаттауды, іштен жанатын қозғалтқышы бар көліктерді жарнамалауды және мереке күндеріне ұшуды қамтиды. Десе де аталмыш заң жобасы мен бұл бастамаға Trots Haarlem фракциясының жетекшісі Сандер ван ден Раадт наразылық білдіріп, сынға алуда.

Ұқсас материал:

«Сиыр етінің жарнамасына тыйым салынуы тиіс»... (https://islam.kz/kk/news/alem/siyr-etinin-jarnamasyna-tyiym-salynuy-tiis-16368/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат