Есірткі тасымалымен айналысатын қылмыстық топ $30 млрд көлемінде пайда табады
Есірткі тасымалымен айналысатын қылмыстық топ $30 млрд көлемінде пайда табады
8 жыл бұрын 2830 24.kz inform.kz

Кокаинді Еуропаға жеткізумен айналысатын италиялық «Ла'ндрангета» қылмыстық тобы жылына 30 миллиард доллар көлемінде пайда табады. Бұл - әлемдік есірткі нарығының алтыдан бір бөлігі, деп жазады .

Бәсекелестерінен баса озған қылмыстық топтың өкілдері мексикалық және колумбиялық есірткі сатушылардың сеніміне кірген. Италиядағы ең ірі Джойа Тауро кемежайына күніне шамамен 8 мың жүк контейнері келеді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, әрбір жүкті тексеру мүмкін емес. Соңғы екі айдың ішінде бар болғаны 700 келі есірткі тәркіленген.

Есірткі бизнесімен күрес жүргізу үшін Италия билігі жыл сайын 2,5 миллиард еуро жұмсайды. Ал танымал «Ла'ндрангетаның» өзге де бизнес түрлерін қосқанда табысы - 44 миллиард доллар. Италиядағы 3 миллионға жуық кокаин тұтынушылар оларға нағыз пайда көзі болып отыр.

0 пікір
Мұрағат