Израиль ғалымдары жүрек емдеудің жаңа тәсілін ойлап тапты (видeо)
Израиль ғалымдары жүрек емдеудің жаңа тәсілін ойлап тапты (видeо)
8 жыл бұрын 4331 24.kz health.obozrevatel.com

Израиль ғалымдары жүрекке арналған бионикалық жамау жасап шығарды. Жаңа құрылғы тірі ұлпа мен наноэлектрониканы біріктіріп, дәрігерлерге жүректің қызметін сырттай қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Тель-Авивтегі зертханада ғалымдар жүрекке арналған бионикалық жамау ойлап тапты. Бұл материал инфаркт немесе басқа жүрек аурулары кезінде зақымданған бөліктерді алмастыру үшін қолданылады. Таль Двир, Тель-Авив университетінің профессоры: - Электроникамен біріктірілген ұлпаны жасау алғаш рет сәтті жүзеге асты. Мұны кибер-ұлпа деп те атауға болады. Ол машина мен тірі жасушаларды біріктіреді. Дәрігерлердің айтуынша, осындай жамау заттар жүректі алмастыруға балама бола алады. Олар жасанды жасушалардың жұмысына мониторинг жасап, электр жағынан ынталандырып, дәрілік заттарды жіберуге көмектеседі. Сондай-ақ жамау науқастың жағдайы нашарлағанын дәрігерге дер кезінде хабарлай қояды. Таль Двир, Тель-Авив университетінің профессоры: - Дәрігер науқастың жүрек жағдайын өз компьютері арқылы бақылай алады. Бұл адам сенгісіз мүмкіндіктерге жол ашады! Мұнда тіпті дәрігердің де қажеті шамалы, себебі жамау істің бәрін өзі тындырады. Бионикалық жамауды әзірге коммерциялық мақсатта пайдалануға болмайды. Бұл жаңашылыдық қазір жануарларға қолданылып, сынақтан өтіп жатыр. Нәтижесі жақында белгілі болады. Сынақ сәтті болса, адамдарға қолданыла бастайды. Содан кейін ғана жаппай сатылымға шығарылуы мүмкін.

 

0 пікір
Мұрағат