|
Есектерді қырған кім? (ВИДЕО)
|
Таяуда Мысырда ел естімеген оқиға орын алды: әл-Файюм қаласында 80 есектің өлігі табылды. Бұл өз кезегінде қоғамда кәдімгідей дүмпу тудырды. Мысыр сарапшы бұл есектерді қолында билігі жоқ, басымен қайғы боп жүрген «Мұсылман бауырлар» ассоциациясынан көріп, оларды жазықты етіп шығарды. Артынан белгілі болғандай, есектерді сиыр еті қып көрсетіп, сату мақсатында өлтірілгені анықталды. Мысырдың орталық «әл-Асима» деп аталатын телеарнасының эфирінен Азми Мүжаһед есімді тележүргізуші әрі саяси сарапшы жерден жеті қоян тапқандай есектердің өлімін «Мұсылман бауырларға» жаба салған еді. Жала жапқанымен қоймай, оларға өлім жазасын қолдануды талап етті. «Есектер сияқты өлтіру керек» деп мәлімдеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еуропа елі діни виза алғысы келетін имамдар мен пасторларға, раввиндерге 7 шартты қамтитын ереже қабылдады
■
Үш жылдан соң жаһандық ислам қаржы индустриясының активтері 10 трлн доллардан асады
■
Қасиетті қалада индонезиялықтардың өз ауылы болады
■
Әлемде алғашқы электр қуатынсыз және адам көмегінсіз жұмыс істейтін ДНҚ-компьютер пайда болды
■
Химиктер айна өмірді табудың алғашқы әдісін ұсынды