Энергетикалық дағдарыстан пайда табу талпынысы жаһандық қатер төндіреді
Энергетикалық дағдарыстан пайда табу талпынысы жаһандық қатер төндіреді
2 жыл бұрын 1075 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Sergio Moraes / Reuters

Бразилиядағы қант өндіретін өндіріс орындары әдеттегі өнім өндіруден бас тартып, отын ретінде пайдаланылатын этонал өндірісіне ден қоймақ. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша бұрынғы қант кәсіпорындары әлемдегі геосаяси ойындарға байланысты орын алған энергетикалық дағдарыстан пайда тауып қалуды көздеп отыр. Бразилиялықтардың бұл қадамы күллі әлем бойынша қант тапшылығын тудырып, бағаның күрт көтерілуіне алып келмек. Бразилиядағы эталон экспорты сәур айында 2,6 пайызға артып, керісінше қант экспорты едәуір құлдырап кеткен. Соған қарамастан бразилиялықтар 400 мың тоннаға дейінгі қант экспортына қатысты контрактіден бас тартып отыр. Әлем бойынша қант экспортына айына 2,2 млн тоннаға дейін жететінін ескерсек, бұл жалпы қант экспортының айтарлықтай бөлігі. «Келісімшарттардың күшін жоюға байланысты шығындар болғанымен, қанттан этанолға ауысудан түсетін пайда шығындарды өтейді», дейді Бразилиядағы ең ірі зауыттардың бірінің менеджері. Осы орайда Бразилияның 2021 жылдың соңына таман этанол өндірісіне толықтай көшуіне байланысты әлемде қант бағасы көтеріліп кеткенін айта кетпекпіз. Қант өндірісіндегі өзгерістер тағы бір ірі экспорттаушы ел - Үндістанның жоспарларынан да туындауы мүмкін: ел отын тұтыну құрылымында этанол үлесін ұлғайтуға ниетті.

0 пікір
Мұрағат