Ең жоғары жалақы имамдарға тағайындалады
Ең жоғары жалақы имамдарға тағайындалады
6 жыл бұрын 6145 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әзірбайжанның діни білім беру ісі жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы Мұбариз Құрбанұлы жалақы тағайындалатын діни сала қызметкерлерінің тізімі әзірленгенін жетикізді. Аталмыш комитет жетекшісінің сөзіне қарағанда, жалақы төленетін имамдар мен діни қызметкерлер тізімі Рухани құндылықтарды насихаттау қорына табысталған және қор бұл мәселені қарастырып жатыр. "Тізім нақтылануда. Кавказ мұсылмандары басқармасы мен қор бұш бағытта бірігіп жұмыстар жүргізуде. Қамқорлық кеңесі де бұл мәселені сарапқа салуда",- деді ол сөз арасында. Оның айтуынша, көп ұзамай мешіттерде жұмыс істейтін діни қызметкерлер өздеріне тағайындалған жалақыны алатын болады. Оларға жалақы Рухани құндылықтарды насихаттау қорынан төленеді. Ал аталған қорға қаражат мемлекеттен де бөлінеді, қайыр-садақадан да алынады. Діни сала қызметкерлеріне төленетін жалақы мөлшері олардың атқаратын қызметіне қарай тағайындалады, ал ең жоғары жалақы имамдардікі болатынын тілге тиек етті. 

Мұбариз Құрбанұлы, Әзірбайжанның діни білім беру ісі жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы 

0 пікір
Мұрағат