Ел аумағындағы барлық мешіт табиғи газбен тегін қамтамасыз етіледі
Ел аумағындағы барлық мешіт табиғи газбен тегін қамтамасыз етіледі
8 жыл бұрын 2903

Грузияда барлық мешітті табиғи газбен тегін қамтамасыз ету бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл игі шара осы елдегі әзірбайжандардың SOCAR деп аталатын мұнай-газ компаниясы мен Грузия мұсылмандар басқармасының арасындағы келісімнің нәтижесінде қолға алынып отыр. ГМБ төрағасы Рамин Игидовтың айтуынша, әзірге бірнеше мешіт қана осындай игілікке кенелген, алдағы уақытта ел аумағындағы мұсылмандардың барлық құлшылық үйін тегін газбен қамтамасыз етіледі. Осы мақсатта өзге мешіттерге газ құбыры тартылып жатыр. Грузияда 312 мешіт жұмыс істеуде. Олардың 130-ы тіркеуден өткен. Соңғы уақытта 15 мешіт пайдалануға берілген. Тағы бір мешіт салынып жатыр. Айта кетейік, бұл елде ислам екінші дін саналады. Христиандықтан кейін. Кей аймақтарда мұсылмандар көптеп шоғырланған. Олардың арасында шиит әзірбайжандардың қатары қалың. Десе де христиан елі болғандықтан ба, шииттер мен сүнниттер өзара бөлінбей бірге намаз оқиды.

0 пікір
Мұрағат