|
Экстремистік сайттарды сотсыз бұғаттауды ұсынды
|
Ресей Федерациясының Тергеу комитетінің жетекшісі Александр Бастрыкин экстремистік мазмұндағы материалдарды жариялаған интернет ресурстарын бұғаттаудың заң жүзіндегі тетіктерін әзірлеуді ұсынды. «Қазіргі заманда бұғатталатын экстремистік материалдарды жариялаған ресурстарды федералды реестрге енгізудің соттан тыс тәртібін енгізу қажет. Егер ресурс қожайыны өз материалын экстремистік деп мойындамайтын болса, сотқа жүгініп, өзінің дұрыстығын дәлелдеуі тиіс»,- деді ол. Оның айтуынша, экстремистік мазмұндағы ресурстарды соттан тыс бұғаттау өз кезегінде ғаламторда экстремизмді насихаттау әрекетіне жедел тосқауыл қоюға мүмкіндік берер еді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Азиядағы ең үлкен шөл даладан жерасты суының мол қоры табылды
■
Қытай әскерін адам тәрізді роботтармен толықтырады
■
Азық-түлік қауіпсіздігі: ет нарығындағы технологиялық тренд
■
АІ және геосаясат
■
Араб елі басқа отын тасымалдаудың нұсқасы болмаса да Үрміз бұғазын айналып өтетін жобадан бас тартты. Неге?