|
Экспаттар қажылыққа бара алмайды
|
Біріккен Араб Әмірліктерінде тұратын мұсылман экспатрианттар биыл қасиетті сапарға аттана алмайды. Аталған елден биыл қажылық парызын орындауға 40 мыңға жуық адам өтініш берген екен. Алайда, БАӘ мұсылмандарына бөлінген квота 6228 адамға шақталғандықтан қасиетті сапарға жолдама тек осы елдің азаматтарына ғана беріледі. Айта кетейік, өткен жылы бұл елден қасиетті сапарға осы мемлекеттің азаматтарымен қатар экспаттар да аттанған болатын. Нақтырақ айтқанда, 4631 БАӘ азаматы және 351 экспат қажылық парызын өтеп қайтқан еді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Организмді жасартудың өзгеше тетігі табылды
■
Араб елі жергілікті мұсылмандарға Nike өнімдерін пайдалануға тыйым салды
■
Әлемдегі бір ел иттердің 11 түрін асырауға тыйым салды
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады