Екпе алмаған балаларды мектеп пен балабақшаға қабылдауға тыйым салынды
Екпе алмаған балаларды мектеп пен балабақшаға қабылдауға тыйым салынды
4 жыл бұрын 1930 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Германия билігі балаларға қызылшаға қарсы екпе алуды міндеттейтін заң жобасын қабылдады. Аталмыш заң талабына сәйкес баласының екпе алғанын дәлелдей алмаған ата-анаға ірі мөлшерде айыппұл салынады. Аталған елдің денсаулық сақтау министрлігі осы жылдың бас кезінде әзірлеген қызылшадан қорғау туралы заң жобасы 2019 жылдың қараша айының 14-і күні түпкілікті мақұлданды. Аталмыш заң 2020 жылдың наурыз айынан бастап қолданысқа енеді. Осыған байланысты барлық ата-ана 2021 жылдың шілде айының 31-не дейін баласының мектепке немесе балабақшаға баруы үшін қызылшаға қарсы екпе алғанын айғақтайтын құжатты ұсынуы тиіс. Бұл талап тек оқушылар мен мектепке дейінгі жастағы балаларға ғана емес, сонымен қатар, мұғалімдер мен дәрігерлерге де, тәрбиешілерге де қатысты. Бұлардан бөлек, Германиядан пана іздеп келгендер мен босқындар да аталған елде қалғысы келсе, екпе алғанын растайтын құжатты көрсетуі керек. Егер екпе алғанын дәлелдей алмаса, 2500 еуро мөлшерінде айыппұл салынады. Германия билігі мұндай қадамға Еуропа елдерінде қызылшаның кеңінен тарағаны итермелеп отыр. 2019 жылдың тек алғашқы екі айының өзінде ғана Еуропада қызылшаны 34 мың 300-ден аса адам жұқтырған болатын. Ал 2017 ылы бұл көрсеткіш 25869-дан, ал 2016 жылы 5273-тен аспаған еді. Қызылшаның кеңінен таралуына негізінен екпе алмау себеп болғанын айта кету керек.

0 пікір
Мұрағат