|
Экономикасын ислами экономикаға айналдыруға күш салып жатқан ел
|
Индонезия билігі 2019−2024 жылдар аралығында «ислами экономиканы» енгізу жөніндегі жоспар-жобасын сызуға кірісті. Яғни, 2024 жылы «халал» тауарларды брендке айналдырып, шариғат талаптарына сай әлемдегі ең ірі тауар өндіруші ел атануды алдына мақсат етіп қойды. Бұл жайында Antaranews ақпарат көзі хабар таратты. Әлемдегі мұсылман саны ең көп Индонезия халал азық-түлікті ең көп тұтынушы ел екенін де айта кеткен жөн. Естеріңізге сала кетсек, Индонезия президенті Джоко Видодо елде халал индустриясын дамыту мақсатында Жакарта қаласында «Халал парк» ашқан болатын. Ол жерден «халал» маркасы бойынша іздеген барлық затыңызда табасыз: азық-түлік, киім-кешек, опа-далап, сусын түрлері, т.б.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді