|
Дипломат жаратушы туралы ой толғап тұрып дүние салды (видео)
|
Таяу шығыс аймағына танымал саудиялық дипломат Мұхаммед әл-Кахтани Мысыр астанасы – Каир қаласында өткен Араб-Африка конференциясында мінберден сөз сөйлеп тұрып дүниеден озды. Бұл жайында islam.kz порталы араб бұқаралық ақпарат құралдарына және Tahiamasr ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Марқұмның соңғы сөзі Жаратушы турасында болған: «Жаратушысын сау жүрекпен қарсы алудан асқан құндылық жоқ». Дипломат алдымен есінен танып қалған. Жанында кардиолог дәрігер зайыбы болған. Оған алғашқы медициналық жәрдем көрсетілгенімен оның көмегі болмады. Дипломаттың қазасына байланысты аталған шара тоқтатылды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Саудия шетелдік жұмысшылар отбасына виза ашу ережесін өзгертті
■
Өзбектер кедейлерді қолдаудың өзгеше әдісін тапты
■
Араб елі өз-өзіне қол жұмсауға оқталғандарға қарсы қылмыстық жазаны жойды
■
Ақшаның жылыстауы бойынша Парсы шығанағы елдері көш бастады
■
Бірер жылдан соң григориан күнтізбесі бойынша бір жылда үш айт мен екі қажылық маусымы болады